Қазақстанда техногендік апаттар дәуірі басталды

30 жыл ішінде елімізде бірде-бір жаңа жылу электр орталығы салынбаған. Соның салдарынан Қазақстан тығырыққа тірелді. Енді одан шығу үшін мемлекет қыруар қаражат жұмсауы қажет. Алда техногендік апаттар аясында ауқым жұмыс тұр.

Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов еліміздің осындай апат жағдайына қалай жеткенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Экономистің пікірі ұсынамыз:

Болжамдар мен шок

Қарашада біз коммуналдық инфрақұрылымның тозуына байланысты еліміз «техногендік апаттар кезеңінде» деген болжам жариялағанбыз. Елде дүрбелең тудырмас үшін бұл болжамды «таңғаларлық» деп атадық (1%-дан аз ықтималдық), бірақ екінші жағынан мәселеге назар аударғымыз келді.

1980 жылдары салынған екі жылу электр станциясы басқа республикадағы барлық станция Кеңес Одағында 1940-1970 жылдары салынған. Қазақстанның «негізін қалаушының» 30 жыл билігі кезінде бірде-бір жылу электр станция орталығы салынбады. Бұрынғылары тек жөнделіп отырды — бірі күрделі жөндеуден өтсе, енді бірінде жай ғана жамап қойды. Бір қызығы, тәуелсіздік жылдарында электр қуатын өндіру саласы өскенімен, жылу өндіру азайып келеді.

Әдетте бұл кез келген ЖЭО-ның шығыны болып саналады, сол себепті жөндеу жұмысын жасағысы келмеуі мүмкін. Алайда бұдан өнім көлемінің төмендеуі, тозудың жоғарылауы, қызмет ету мерзімін үнемі мәжбүрлі ұзартуға әкеп соғады. Соңында табиғи апаттар мен қайғылы оқиғаларға әкеледі.

Тозығы жеткен салаға болжам жасаудың қажеті де жоқ. Мұны сөзссіз болар іс деп есептеңіз. Алдымызда апат қашан болады деген сұрақ қана болды. Алдағы әр қыста облыс басшылығы қандай жағдай болсын-болмасын, үнемі алаңдап отыратыны анық.

Тарифтер және ұрлық

Өңірлердің құзіреті мен ресурстары болмағандықтан, жағдайдың нашарлауы туралы үнемі хабарлап, ел басшылығынан көмек сұрайды. Орташа қуаттылықтағы жаңа ЖЭС салуға 0,5-1,0 миллиард доллар қажет. Бізде 20 облыстың 17-сі субсидияланған, бірақ донор аймақтардың өзінің салуға шамасы жоқ. Жеке саудагерлерде де дилемма – ел ішінде ұзақ мерзімді ақша көздері жоқ, ал оларсыз құрылыс мүмкін емес. Шетелден ақша тарту да мүмкін емес. Валюта бағамы үнемі құлдырап жатады, ал ЖЭО-лардың өздеріне зиян келтіретін әлеуметтік наразылық болмас үшін шетел валютасындағы несие, тарифтерді ұстап тұрды.

Тариф көтерілсе де, иесі әдетте ақшаны бақыланатын схемалар арқылы алуға тырысты, соның салдарынан реттеушілер ЖЭО иелеріне сенімсіздік танытатын болды — тарифті көтерсеңде. олар бәрібір ұрлайды және инвестиция салмайды-мыс.

Мемлекеттік реттеу қысқа мерзімді болатындай етіп құрылуы жеке саудагерлерді де қысқа мерзімді ойлап, әртүрлі схемаға баруға итермелейді. Алайда тариф қалыпты болса да, ол инвестор әкелмейді. Әрине мемлекеттің кепілімен ғана болмаса. бірақ оны да ешкім беріп жатқан жоқ.

Мемлекет төлеуге мәжбүр

Павлодар облысының әкімі бұл мәселені талай рет баяндап, теория жүзінде қолдан келгеннің бәрін істесе де, енді ештеңе істемегендей соққыға жығылуға мәжбүр. Бір қызығы, вице-премьер Жұманғарин де жауапкершілікті өз мойнына алуы керек еді (бұл оның епархиясы болмаса да). Олар жағдайды шеше алады деп үміттенемін. Осы қиын жағдайда оларға шын жүректен сәттілік тілеймін!

Екібастұздағы жылу электр орталығы — 1956 жылы салынған ескі станция. Қазір жекеменшікке айналған. Меншік иесі оны пайдаға асыра алмай, кейінгі жылдары мемлекетті станцияны құбырмен бірге алуға көндіріп жүр. Дегенмен, нысан рентабельді емес, сондықтан ешкім пайдасыз нысанды сатып алу үшін жауапкершілікті алғысы келмейді. Нәтижесінде, нысан сөзсіз болар істі күтіп, күнін көріп жатты. Дегенмен түбінде тек осы ЖЭО үшін емес, жалпы сала үшін бір шешімі болуы керек екені түсінікті.

Президенттің бағдарламасы

Президент «инвестицияларға айырбас тарифтері» бағдарламасын ұсынды – бұл бизнестің көптен сұрап жүргені және онсыз ұзақ мерзімді шешім табылуы екіталай. Екінші жағынан, бұл фраза халықтан тарифтердің көтерілуін жасырады.

Тарифтердің көтерілуі бағаны да шарықтатып, тұрғындардың коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығынына тікелей әсер ететінін ескерсек, мемлекет кірісті қалай көтеруді немесе басқа шығындарды қалай азайтуды ойлауы керек. Шешімдер бар, бірақ бұл мемлекеттік басқарудың сапасы жақсаруы керек деген сөз! Кішкентай шешімдер енді өзекті емес. Бізге ауқымды шешімдер қажет.

Оған қоса кейінгі бірнеше күнде бірнеше қаладағы оқыс оқиғаларды ескерсек, мұның диверсия немесе саботаж емес екеніне сенгім келеді. Ал солай болып шықса, экономикалық шешімдерге саяси шешімдерді қосу керек!

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago