Енді байланыс операторлары қазақстандықтардың бет-әлпетін сканерлеп, кейін ғана ұялы телефон нөмірін тіркейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ашық талқыға шығарылған «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» министр бұйрығы «биометриялық деректер» терминімен толыққан.
Ол – абоненттің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес мәлеметтер.
Абоненттік құрылғылар республика азаматтарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерін дұрыс сәйкестендірусіз онлайн сервис арқылы тіркейді. Бұл проблеманы абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланады. Осылайша, құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат болмайды. Осы қылмыстарды азайту және алдын алу мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттігі туралы шешім қабылданды,
— делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр Бағдат Мусиннің бұйрық-жобасында.
Жаңа талап енгізілсе, онда ұялы байланыс операторлары абоненттерден биометриялық деректерді (адамның бет-әлпеті) жинап, кейін оған қызмет көрсету шартын жасасады.
Бұйрық жобасы 3 тамызға дейін көпшілік талқыда болады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…