Қоғам

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

Ал жаңа машина азайып барады.

2024 жылғы 1 сәуірде елде 5.4 млн автомобиль бар екені белгілі болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15.9 % артық. Бірақ кейінгі 12 айда отандық автопарк айтарлықтай ескірген.

Energyprom.kz сайты хабарлағандай, қазір Қазақстанда 20-дан асқан — 2.5 млн, 10–20 жыл бұрын шыққан 1.3 млн машина бар. Бұл көрсеткіш бір жылда сәйкесінше 6.9 % және 24.4 % өсті.

Жаңа автомобиль саны да аздап артты: 7–10 жыл бұрын шыққан көлік саны 5.7 % өсіп, 671 мыңға жетті, ал 3–7 жылдық машиналар 121.8 % көбейді (633.8 мың). Бірақ шыққанына 3 жыл толмаған жаңа көліктер 14.6 % азайды (328.4 мың).

ЕOtinish сайтындағы утиль алымы мен алғашқы тіркеу ақысын алып тастау туралы петиция 50 мыңнан аса дауыс жинады, үкімет оны қарау үшін жұмыс тобын құрып жатыр.

Өткен жұмада Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утиль алымы енген соң елде автопарк жаңарып, жол апаты азайғанын айтты.

Бірақ былтыр ҚР Жоғарғы аудит палатасы утилизация жүйесі өз мақсатына жете алмағанын мәлімдеген. Керісінше, Қазақстандағы автомобильдердің “жасы” 22-ге дейін өсіп кетіпті. Яғни, утиль алымын жинау басталған 2017 жылмен салыстырғанда шыққанына 10 жылдан асқан машина саны бір жарым есе артқан.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago