Categories: Қоғам

Қазақстанда туристер арасындағы ең танымал үш қала аталды

Былтыр туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті.

Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылы қазақстандықтар мен шетелдіктер жиі және сирек тоқтаған өңірлерді атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстанда туристерге қызмет көрсету рейтингі бойынша Алматы, Астана және Шымкент орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер санымен көш бастап тұр. 2022 жылы Қазақстанда орналастыру орындарының қызметтерін пайдаланған туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті. Бұл санның 45%-дан астамы үш мегаполиске тиесілі. Сонымен қатар тек ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады.

Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға (417,4 мың — шетелдік туристер), Астанада — 1,2 млн-ға жуық адамға (238,5 мың шетелдік) жетті, ал Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) келген.

Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Бұдан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған.

Айта кетейік, 2029 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал сырттан келетін туристер санын 4 млн адамға дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін жақында қабылданған туристік саланы дамыту тұжырымдамасында нақты іс-шаралар көзделген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago