Қазақстандағы ең көп сатылатын көлік модельдері анықталды

Брендтер арасында Chevrolet сегізінші ай қатарынан көш бастап тұр.

Осы жылдың қазан айында Қазақстанда 9 870 жаңа жеңіл жеңіл автокөлік пен 865 коммерциялық автокөлік сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметінше, он айда елімізде 97 737 көлік сатылса, былтыр 96 848 көлік сатылған.

Брендтер арасында Chevrolet сегізінші ай қатарынан көш бастап тұр – 3 137 бірлік. Одан кейін Hyundai мен Kia келеді. Chery автокөліктері қазан айында алғаш рет төртінші орынға көтерілді – 670 бірлік. Одан әрі тізімде: Toyota, Exeed, Lada, JAC, Lexus және Haval.

Қазан айының қорытындысы бойынша көп сатылған автокөліктер:

  • Chevrolet Cobalt – 2 193 бірлік;
  • Hyundai Tucson – 976;
  • Chevrolet Nexia – 729;
  • Kia Ceed – 484;
  • Toyota Land Cruiser Prado – 416;
  • Chery Tiggo 7 Pro – 376;
  • Kia Sportage – 264;
  • Hyundai Accent – 264;
  • Hyundai Elantra – 243;
  • Kia K5 – 227.

Он айдың қорытындысы бойыншаChevrolet тізімді бастады – 27 622 бірлік, екінші орында Hyundai – 22 435 бірлік, Kia үздік үштікті түйіндеді — 11 135 бірлік. 2022 жылы ең көп сатылатын ТОП 10-ға Toyota, Lada, Chery, JAC, Lexus, Renault және Exeed кіреді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago