Categories: Саясат

Қазақстандағы ең жас әкім 41-де

Қазақстандағы өңір әкімдерінің жасы. 2023 жылдың 17 қаңтарындағы жағдай.

Ranking.kz компаниясы өңір әкімдерінің жасы мен олардың осы қызметте отырған уақытына зерттеу жүргізді. Биылғы 17 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚР өңірлері әкімдерінің орташа жасы 52,7 жасты құрады.

Еліміздің ең кәрі әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын басқарады. Әкімнің жасы — 68,6-да. Екінші және үшінші орында жаңадан құрылған Жетісу облысын басқарып отырған Бейбіт Исабаев (60,1 жаста) пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов (59,7 жаста).

Ең жас өңір әкімі — Мұрат Әйтенов (41,2 жаста), ол республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. Жас әкімдердің қатарында сонымен қатар Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43,5 жас) пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов (44,1 жас) та бар.

Еліміздегі ең жас әкім Мұрат Әйтенов 38 жасында қызметке кіріскен. Бұл әкімдердің қызметке кіріскен уақыттағы жастарының ішінде де ең жасы. Әйтеновтің өңір басшысы лауазымындағы қызмет мерзімі 3 жыл. Атырау және Павлодар облыстарының әкімдері де қызметке кіріскен кезінде ең жас әкімдердің қатарында болды: тиісінше 42 және 44 жас.

Шығыс Қазақстан облысын басқарып отырған Даниал Ахметов бұл қызметте 8,2 жыл (ең ұзақ мерзім) қызмет етті. Ол облыс әкімі қызметіне 60 жасында кірісті.

Қазіргі қызметінде ең аз уақыт отырған әкім — Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Екі әкім де жақында — 2022 жылдың 8 желтоқсанында, бір айдан сәл астам уақыт бұрын ғана қызметіне кірісті.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago