Экономика

Қазақстандағы орта тап өкілдерінің табысы қанша?

Орта тап дегеніміз кімдер?

Naryk.kz ол сұраққа былай деп анықтама беріпті:

Ресми мәлімет бойынша айлық табысы жоғары, сапалы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, ипотека төлеуге, ақша жинауға, лайықты білім алуға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алып жүрген жұмыскерлерді орта тап өкілдеріне жатқызуға болады.

Қазақстанда олар бар ма? Бар болса, алатын табысы қанша?

Өзінің кезекті зерттеу жұмысында Алматы мен Астана қалаларын мысалға алған Jusan Analytics зерттеу орталығы осы сұрақтарға жауап беруге тырысыпты.

Дамыған елдерде орта тап өкілдері табысының 40-50%-ын күнделікті қажеттілігіне жұмсайды. Сондықтан, біз орта тапқа еліміз бойынша 700 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін жалақы алатын жұмыскерлерді жатқыздық.

Еңбек ресурсын дамыту орталығының деректері бойынша, Алматы мен Астанада жұмыспен қамтылғандардың тек 4,4%-ы ғана 2022 жылы осындай жалақы алып келген.

Орта тап өкілдеріне – Астанада 600 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін, ал Алматыда 700 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін жалақы алатындар жатады.

Олардың күнделікті шығынына айлық табысының 40-50%-ы жұмсалады.

Астанада орта таптың ауқымы Алматыға қарағанда 2 есе жоғары. Елордада бұл тапқа жұмыскерлердің 8,1%-ы, ал Алматыда 4,7%-ы жатады.

Ірі қалаларда жұмыспен қамтылғандардың 90%-дан астамы орта тапқа жатпайды. Әлеуметтік жағынан ең төмен қамтылған азаматтар мен ең жоғары қамтылғандар арасында табыс бойынша айырмашылық – 10 есе. Бұл, қоғамда әртүрлі тап арасында теңсіздік басым екенін көрсетеді.

Жоғары инфляция да жеке қаржылық тұрақтылыққа және ақша жинақтауға кедергі келтіреді. Айтпақшы, Ұлттық статистика бюросы хабарлайды: Қазақстанда орташа айлық жалақы бір жылда 17%-ға өскен.

Дереккөз: Қаржылық Сауат.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago