Қазақстандағы ресейліктер: Алматыға 1 апта ішінде қанша Ресей азаматы келді?

Алматы әкімдігі өкілдері кейінгі аптада Алматыға қанша Ресей азаматы келгенін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Қала билігі мәліметінше, әкімдік Ресей азаматтарының келуіне қатысты арнайы жоспар дайындаған.

22-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласына 5 066 РФ азаматы келіп, 4 172 адам қаладан шығып кеткен. 894 ресейлік қала аумағында қалды. Бұл біздің қала үшін үлкен көрсеткіш емес. Алматының барлық қызметі түгел қажет жұмысты орындауға дайын. Мемлекеттік органдар заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес барлық қажет көмекті береді. Демек ешқандай артықшылық болмайды,

деді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Ол барлық мемлекеттік мекеме, әсіресе көші-қон қызметі штат режимінде жұмыс істеп, жағдайды бақылауда екенін айтты.

Айта кету керек, биыл 26 қыркүйекте ЖСН алуға 2 070 шетелдік қызмет алушы жүгінген. Келесі күні — 1 700 адам. Мегаполисте шетелдіктер саны артқан жағдайда азаматтарға кедергі келтірмейтіндей қызмет көрсету үшін қосымша орын бөлінеді.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаладағы хостел мен жатақханаларда 1000-нан аса бос төсек-орын бары анықталды. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда 2000-ға жуық төсек-орын орналастыруға болады,

деді әкімдік өкілі.

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауында тәулік бойы тегін колл-орталығы жұмыс істейді. Барлық өзекті сұрақ бойынша 1308 (мобильді қазақстандық ұялы байланыс операторының қоңырауы, тек Алматыдан ғана қоңырау шалуға болады) және +7 727 338 33 88 (қалалық телефоннан қоңырау шалуға болады) телефондарына хабарласуға болады.

Бұдан басқа, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, шетел азаматтарының Алматы аумағында болу ережелері бойынша жедел желі ұйымдастырылған: +7 727 254-43-17, +7 727 254-46-97.

Әрбір аудан әкімдігінде кеңес беруге дайын жауапты тұлғалар кезекшілік етеді.

Алатау ауданы әкімінің аппараты — 299-86-72.

Алмалы ауданы әкімінің аппараты — +7 708 683 0294, WhatsApp.

Әуезов ауданы әкімінің аппараты — 303-25-20, +7 701 964 3536, WhatsApp.

Бостандық ауданы әкімінің аппараты — 274-96-13.

Жетісу ауданы әкімінің аппараты — 384-27-74.

Медеу ауданы әкімінің аппараты — 291-32-69, +7 702 047 42 73, WhatsApp.

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты — 305-38-71, +7 708 145 08 01, WhatsApp.

Түрксіб ауданы әкімінің аппараты — 251-10-07.

Сонымен қатар Жетісу ауданындағы «Құлагер» шағын ауданы, Серіков көшесі, 6а мекенжайындағы ХҚКО-да Ресейден келген релоканттарға қызмет көрсету жұмыстары күшейтілген.

Бірыңғай байланыс орталығы — 1414.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago