Categories: Қоғам

Қазақстандағы «жасыл технология» болашағы

2025 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері бойынша 40 жоба іске қосылады.

Әлемдік қауымдастықпен қатар Қазақстан да еліміздегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторын дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Бағдарлама энергетика кешенін жаңғыртуды көздейді. Яғни 2025 жылға қарай 3,2 мың жұмыс орны құрылып, жаңартылатын энергия көздері бойынша 40 жоба іске қосылады. Биыл осындай 11 жоба іске қосылып, 900-астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Бүгінде барлығы бес нысан —  үш күн электр станциясы және екі жел электр станциясы жұмыс жасап тұр.  Басқарма басшысы ірі жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырып жатқан жобаларға да тоқталды.

Биыл Қарашығанақты кеңейту жұмыстары басталды. Қашаған кен орнында су тазарту қондырғысы орнатылады. Сондай-ақ Қашағандағы өндірісті ұлғайту үшін 2А және 2В фазаларын кеңейту жобалары қарастырылуда. Ірі жер қойнауын пайдаланушылар (ТШО, НКОК, ҚПО) төңірегінде әртүрлі жабдықтарды өндіру және жеткізу бойынша 18 келісімшарт жасалды.

2024 жылға қарай «ҚазМұнайГаз» Астрахань-Маңғышлақ магистральдық су құбырын қайта жаңғырту және кеңейту жобасының бірінші кезеңін іске қоспақ. 2023-2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы Тұқымақ кен орнында теңіз суын тұщыту зауытын салу жоспарланып отыр.

деді министр.

Оның айтуынша, 2022-2024 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Ол кезде 361 жаңа жұмыс орны  ашылады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago