Categories: Қоғам

Қазақстанда қыз бала тұрмыста болуы өте маңызды — психолог

«Дені сау әйел тұрмысқа шыққысы келмеуі керек» деп санайды әйгілі психолог Михаил Лабковский. Алайда оның әріптесі Гуля Жакупова оның бұл сөзімен келіспейді. Айтуынша, Қазақстанда бәрі өзгеше.

«Біз Қазақстанда екенімізді ұмытпайық. Мұнда тұрмыста болу өте маңызды», — дейді Гуля Жакупова. Бұған бірнеше себеп бар.

Әйел тұрмысқа шыққан соң оны бәрі жайына қалдырады. Ол автоматты түрде сыйлы әйел мәртебесіне ие болады. Егер ол тұрмыста болса, оған оқымай-ақ та, мансап қумай-ақ та, қаржылай тәуелсіз болмай-ақ та қоюға болады. Бұл жай ғана опция болып қалады. Бәрі оны жайына қалдырып, оған «Ханым» ретінде қарайтын болады. Әрине, баланы да табуы керек. Бірақ бұл тұрмыста болу сияқты аса маңызды емес. Тіпті ата-анасы да оған басқаша қарайды, оның пікірімен санасатын болады,

дейді психолог.

Оның пікірінше, Қазақстанда тұрмыста болу өте маңызды және біз мұнымен келісуіміз керек. Сондықтан біздің елде тұрмысқа шығуды қалау әбден қалыпты нәрсе, қыздарды бұл үшін айыптамаған жөн.

Осы идеологияны ескере отырып, психолог махаббат пен сыйластығы кеткен отбасылық өмірден бас тартатындар батыл адамдар дейді.

Отбасында көзге шөп салу, екінші, үшінші әйел, сыртта бала болуы, опасыздықтан қайғырып жүру, балалары бақытсыз, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық бар жерден кетуге бел буған, ажырасуға шешім қабылдаған адамдарға екі есе тамсанамын.

Сондай-ақ тұрмысқа шыққысы келсе де өзін таңдайтын әйелдерге де тамсанамын. Өз өміріңді күнделікті бақытты сүру үшін үлкен батылдық пен мақсат керек,

дейді маман.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago