Қазақстанда заңсыз алынған жерлер мемлекетке қайтарылды

Прокурорлар көзделген мақсат бойынша пайданылмаған және заңсыз берілген 109,5 мың гектар жер телімін қайтару бойынша қадағалау актілерін енгізді. Оның 75 мың гектары мемлекетке қайтарылды.

Бұл туралы Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек хабарлады.

Қазіргі кезде комиссия заңсыз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Мысалы, Қостанай облысында аудандық жергілікті атқарушы орган Жер кодексін бұза отырып, оған өкілеттігі болмаса да (облыстық деңгейдің ғана құзыреті) кадастрлық құны 12 млн теңге болатын 1 мың гектар жерді  АҚ-ға берген. Бұдан бөлек, АҚ осы учаскеде жұмыс жүргізу барысында Су кодексінің 5-бабын бұзған (су объектілерін ұтымды пайдалану қағидатын бұза отырып «Кіші таңат» көлін құрғатқан), осы ретте құны 140 млн АҚШ долларынан асатын 7 млн тоннадан астам кен өндіруге АҚ алған экологиялық рұқсаттың да күші жойылды.

Екібастұзда кадастрлық құны 102 млн теңге болатын жалпы ауданы 15,3 мың гектар пайдаланылмайтын жер учаскелері,  Ақмола облысының Қосшы қаласында кадастрлық құны 600 млн. теңгеден асатын 20 гектар жер учаскесі, ол 2005 жылы сауда-саттық рәсімдерін сақтамай, ЖШС-ның пайдасына заңға пысқырмастан сатылған.

Сонымен қатар прокурорлардың қадағалауымен Жамбыл облысының Сарысу ауданында кадастрлық құны 336 млн. теңге 60 мың гектар жер учаскесі қайтарылды. Олар жердің сәйкес арызды және жерге орналастыру жобасын ұсынбастан ЖШС-ға заңсыз берілгенін анықтады.

Алматы облысында кадастрлық құны 140 миллион теңге болатын, заңсыз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 16 мың гектар жерді мемлекетке қайтару туралы бес қадағалау актісі енгізілді. Мысалы, Қарасай ауданында ЖШС 2006 жылдан бері кадастрлық құны 64 миллион теңге болатын 4 546 гектар ауыл шаруашылығы жерін пайдаланбаған. Бұл жерлердің бір бөлігі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалатын аймағында орналасқан,

деді Зейін Әліпбек.
Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago