Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді

Базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып және мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оның ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-ға дейін ұлғаюына байланысты артты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері өсті. Бұл 4,4 млн зейнетақы мен жәрдемақы алушыға әсер етеді. Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 4,6 трлн теңге қарастырылған.

Ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға артты. Бұдан басқа, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін (158,7-ден 189,8 мың теңгеге дейін) ұлғайтылды.

Нәтижесінде бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті. Зейнетақының өсуі барлық 2,2 миллион зейнеткерге әсер етті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақылардың мөлшері де артты.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің ұлғаюына байланысты тағы да бірқатар жәрдемақылардың мөлшері өсті.

Мәселен, жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де әйелдерге бала тууға байланысты төленетін мемлекеттік қолдаудың мөлшері енді: бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК немесе 131 100 теңге (2022 жылы – 120 840 теңге), төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 217 350 теңгені (2022 жылы — 200 340 теңге) құрайды.

Республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін ата-аналарға бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындалады, оның мөлшері АЕК өсуін ескере отырып, биылдан бастап 8,5%-ға өсті.

Жұмыс істейтін ата-аналар бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алады. 2023 жылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды.

Мүгедектігі бар балаларды қолдау үшін Қазақстанда кәмелетке толғанға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 2023 жылы 56 794 теңгені (бұрын 52 345 теңге) құрайды.

Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері АЕК ұлғаюын ескере отырып өсті: 4 баласы бар отбасыларға ай сайын 55 304 теңге (бұрын 50 976 теңге), 5 балаға – 69 138 теңге (бұрын 63 728 теңге), 6 балаға – 82 973 теңге (бұрын 76 479 теңге), 7 балаға – 96 807 теңге (бұрын 89 231 теңге), 8 және одан көп бала болса әр балаға – 13 800 теңгеден (бұрын 12 720 теңге) беріледі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago