Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру тәртібін күшейту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова жүргізуші куәлігін беру тәртібін қатайтуды ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Ол жүргізуші куәлігін беру ережелеріне қойылатын талаптарды күшейту қажет екені туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.

Елімізде жыл сайын 13 мыңнан асажол апаты тіркеледі, онда екі мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алады. Апаттық көрсеткіштердің жыл сайынғы өсуі алаңдатарлық үрдіс. Биыл ЖКО саны тоғыз пайызға өсіп, 21 пайызға көп адам қаза тапты.

деді депутат мәжіліс отырысында

Нұрымова теориялық және практикалық емтихандарды өткізу бойынша тіркеу-емтихан бөлімшелерінің (ҚР Ішкі істер министрлігі) функциялары 2019 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілгенін атап өтті.

Қазір оқытуды 747 оқу орталығы жүзеге асырып жатыр. Осы деректердің барлығы жүргізушілерді даярлаудың оқу процесінің ресми түрде өтуіне әкелді. Сертификаттарды басып шығаратын материалдық-техникалық базасы жоқ мектептер саны өсті.

— деді ол.

Депутат:

— Жүргізуші куәлігін алғаш алған жүргізушілер үшін онлайн және өзін-өзі даярлау мүмкіндігін алып тастау немесе емтихан тапсыру процесіне қойылатын талаптарды күшейту.

— Аудан орталықтарында емтихан тапсыруға мүмкіндік беруді ескере отырып, арнайы ХҚКО-ларда емтихан қабылдау тәртібін қайта қарау.

— Жүргізушілерді даярлаудың мемлекеттік стандарттары мен ережелеріне ревизия жүргізу.

— Өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен кәсіптік бірлестіктерді, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, автомектептердің бақылауы мен жауапкершілігін арттыруды ұсынды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago