Үкімет мүшелерінің өміршеңдік рейтингін белгілі саясаттанушы Марат Шибутов жариялады.
Шибутов өзінің телеграм-арнасында Үкіметтің жаңа құрамынан кім және не үшін кететіні, және кім қалатыны туралы болжам жасады. Сөзбе-сөз:
«…Мәжілістің бірінші отырысы, Үкіметтің отставкасы, содан кейін жаңа үкіметтің қабылдануы болады. Бірақ кім қалады, ал кім басқа қызметке немесе мүлдем кетеді? Мен болжап көрейін.
Жақында келгендіктен кімге қорқудың қажеті жоқ:
— экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова, әділет министрі Азамат Есқараев, мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, вице-премьер әрі сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Орнына қоятын адам болмағандықтан ешқайда кетпейтіндер және қандай-да бір жұмыс атқарып жүргендер:
— Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ТЖ министрі Юрий Ильин, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, вице-премьер және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Ал отставкаға жіберілуі немесе орны басқаға берілуі мүмкін:
— энергетика министрі Болат Ақшолақов, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, вице-премьер Алтай Көлгінов, премьер-министр Әлихан Смайылов, вице-премьер және қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, бірінші вице-премьер Роман Скляр.
Бірақ бұл болжамдар орындалмауы да мүмкін, өйткені біздің кадрлық саясатымызды болжау мүмкін емес және ол жалпы жетістіктер мен қателіктерге емес, әртүрлі интригалар мен субъективті факторларға сүйенеді».
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…