Categories: Қоғам

Қазақстанда журналистерге шабуыл жасалғанына алаңдаймыз — АҚШ елшісі

АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм кейінгі күндері Қазақстанда журналистерге жасалып жатқан шабуылға алаңдайтынын айтты.

Журналистерге жасалған шабуылдарға алаңдаймыз. Журналистерге қолдау білдіреміз. Әр оқиға толық тергеліп, құқықбұзушылыққа кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек. Осы орайда президент Тоқаевтың толық тергеу жасау қажет деген бүгінгі мәлімдемесін құптаймыз,

деді елші БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

Ол қоғамы ашық әрі белсенді, үкімет халық алдында есеп беретін жаңа Қазақстанды құрарда сөз бостандығы мен еркін БАҚ-тың алар орны зор екенін айтып өтті.

Біз Қазақстанның осы мақсаттарға жетердегі күш-жігерін қолдаймыз,

деді Дэниел Розенблюм.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша тергеуді мұқият жүргізуді тапсырған болатын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago