Categories: Маңызды

Қазақстанда журналистің жұмысына кедергі келтіретіндерге жауапкершілік күшейеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

Кодекске журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту нормасы енгізіледі.

Статистикаға сәйкес, кейінгі 5 жылда ҚР қылмыстық кодексінің 158-бабы (журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға мәжбүрлеу не оны таратудан бас тарту арқылы, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі келтіретін не оны осы мүмкіндіктен толығымен айыратын жағдайлар жасау арқылы кедергі жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің небәрі 9 фактісі тіркелді. Бұл бірінші кезекте әкімшілік жауапкершілікті қосымша енгізу қажеттігін көрсетеді,

делінген құжатта.

Мұны жүзеге асыру үшін министрлік журналистің кәсіби қызметін реттейтін қылмыстық кодекстегі 158-баптың бірінші бөлігін әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске көшіреді.

Құжатты ашық талқылау 31 қаңтарға дейін жалғасады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago