Фото: astana.tv
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан Қазақстанда жылына 80 әйел көз жұмады. Бұл бес жыл бұрынғы қылмыстық құқықбұзушылықтан 7 процентке ғана аз.
Бас прокуратура өкілдері көрсеткіш бұдан да көп екенін мойындайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Сарапшылар әрбір үшінші қазақстандық әйел тұрмыстық зорлыққа тап болады дейді. Күніне полициядан көмек сұраған 300 қоңырау соғылады. Биылғы 10 айда осындай заңбұзушылық үшін 50 мың адам әкімшілік, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 1 шілдеден бастап полиция жәбірленушінің арызынсыз-ақ қылмыскерлерді жауапқа тарта бастады. Әрі қайта татуласу мүмкіндігі жойылды.
Полиция келгенде жәбірленушілердің 60 проценті арыз жазудан бас тартып үлгеретін. Жаңа түзетуден соң, заңбұзушылардың 92 проценті тиісті жазасын алып отыр. Қалғаны анықталмаған жағдайға жатады. Нәтижесінде, жыл басында 7 мың болған агрессорлар саны үшінші тоқсанда 27 мыңнан асып жығылды. Қамалғандар да 2 есе көбейді,
Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.
Қорғау нұсқамасының тиімсіздігі де айтылды. Жәбірленушіге жақындамау туралы бұйрық берілгенмен, агрессордың үйге кіруін шектейтін нақты заң жоқ. Ал Германия тәжірибесінде зорлықшы 10 күн үйден кетуге тиіс. Әрі 50 метрге жақындай қалса, электронды білезіктер арқылы полицияға белгі келеді екен. Мамандар бұндай тәсілдерді бізге де енгізуді ұсынды.
Мәжіліс депутаттары қазір жаңа түзетулерді дайындап жатыр. Сонымен қатар, Бас прокуратура жақындарын үнемі ұрып-соғатындарға жауапкершілікті қатайтуды көздеп отыр. Былтыр Қостанайда күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел оған дейін 49 рет арызданғаны анықталды. Біздің елде әйелдердің соңынан түсіп, «аңду» әрекеттеріне әкімшілік жауапкершілік те қарастырылмаған,
Марат Әбішев, ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы.
Енді тирандарды мәжбүрлі түрде психологиялық түзетуден өткізуі мүмкін. АҚШ пен Израильде ашуды басқарып үйренетін курс оқытады. Бас тартса, барар жері – түрме.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…