Спорт

Қазақстандық 23 жастағы гроссмейстер әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Қазақстандық 23 жастағы Әлішер Сүлеймен Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінде әлемнің үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңді. Бұл туралы «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы хабарлады.

Әлемнің үздік шахматшысына қарсы ойнаған Сүлеймен екінші раундта есесін беріп, тарихи жеңіске жетті.

Өзімді қалай сезінемін? Бұл сұраққа жауабым жоқ. Мұның бәрі шындық екеніне әлі де сене алар емеспін. Ойын алдында ең болмағанда нәтиже тең болса керемет жетістік деп ойладым. Тіпті бапкерім де солай айтқан еді,

деді қазақстандық ойыншы.

Сенсациялық жеңілістен кейін Магнус Карлсен әлеуметтік желіде кездесудегі кейбір сәттерге пікір білдірді.

«Бүгін мен ойында мүлде басылып қалдым. Ғажайып ойын көрсетіп, жеңіске лайық болған қарсыласымды ешнәрсеге кінәлағым келмейді. Бірақ шынымды айтсам, қарсыласымның басында сағат тағып тұрғанын көргенде-ақ бақылау қабілетімді жоғалттым. Мен осылай ойлағаным үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бірақ ұйымдастырушылардың көп нәрсеге мән бермейтін әрекетін көру  өте қынжылтады. Көрермендер ойын алаңында смартфондармен серуендеп жүрді.

Ойын барысында мен төрешіден сағаттарға рұқсат бар ма деп сұрадым. Ол аналогтық сағаттардың болатынын, тек смарт сағаттарға тыйым салынғанын түсіндірді. Бұл осындай деңгейдегі жарыс ережелеріне қайшы келетін сияқты», — деді ол.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago