Categories: Экономика

Қазақстандық банктер «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат алды

Қазақстандық банктер «МИР» жүйесінің төлем карталары бойынша операциялар жүргізуге рұқсат алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі — Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алған, онда америкалық ведомство «МИР» жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді.

«Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны айтылған»,

делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының аумағында «МИР» жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізген.

«Осылайша, қазақстандық банктер «МИР» карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте «МИР» жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды»,

делінген хабарламада.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago