Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды

Эмир Байгазиннің «Өмір» фильмі голивудтық «Оскар» киноакадемиясының сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында ұсынылды.

Кинокартина Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Фильм үш жыл бойы Алматы, Түркістан облысы, Ақтау және Таиландта түсірілген. Картина тағдырлары қиылысып, бір калейдоскопты құрайтын адамдардың арасында жүріп, түрлі оқиғалар тізбегіне тап болатын кейіпкер туралы баяндайды.

Басты рөлді Еркебұлан Тасынов сомдаған. Байғазиннің өзі жобада сценарий авторы, режиссер, оператор және продюсер болды.

Бұл фильмнің идеясы маған он жыл бұрын алғашқы картинамды түсіруге дайындалып жатқанда келді. Кейіпкердің басына түскен қиындықтарға қарамастан, мен әрқашан бұл оқиғаны өмірге деген махаббатқа толы деп санайтынмын,

деді режиссер.

Эмир Байғазин 2013 жылы әр түрлі фестивальдерде 25-тен астам марапаттарға ие болған «Уроки гармонии» картинасымен әлемдік кино алаңына шықты. Сол жетістіктердің арасында Қазақстанның алғашқы алған Берлин кинофестивалінің «Күміс аюы» да бар. Кейін режиссердің «Раненый ангел» мен «Өзен» фильмдері шықты, батыс жұртшылығы оны жылы қабылдады. «Өзен» фильмінің әлемдік премьерасы 75-ші Венеция кинофестивалінде «Көкжиектер» бағдарламасында көрсетілді, онда Эмир «Үздік режиссер» ретінде марапатталды.

Байғазиннің жаңа картинасының әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивальінің «Заманауи әлемдік кино» секциясында орын алды.

95-ші рет берілетін Америкалық киноакадемия сыйлығына үміткерлердің тізімі 2023 жылғы 24 қаңтарда жарияланады. Рәсімнің өзі 2023 жылғы 12 наурызда өтеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago