Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия экономика және тұрақты даму вице-премьер — министрінің кеңесшісі болды. Бұл туралы Грузия экономика және тұрақты даму министрлігінің сайты хабарлады.
2023 жылғы 30 қаңтарда халықаралық сарапшы Жақып Марабаевпен консультация қызметтеріне қатысты келісімшартқа қол қойылды.
Жақып Марабаев Грузия үкіметінің кеңесшісі ретінде ұлттық мұнай стратегиясын әзірлеу, осы саладағы ірі инвесторлармен қарым-қатынасты басқару және геологиялық зерттеулерді жаңарту мәселелері бойынша кеңес береді.
Сайттағы ақпаратқа сәйкес, Жақып Марабаев — тәжірибелі басқарушы, Қазақстан мен Еуразия өңірінің мұнай-газ саласында басшылық лауазымдарда 40 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман.
Жақып Марабаев Totalenergies компаниясының топ-менеджменті құрамында басшыларды даярлаудың халықаралық бағдарламасынан өтіп, Францияда, Ұлыбританияда және Африкада екі жыл жұмыс істеді. Осы кезеңде ол коммерциялық және техникалық мәселелер бойынша стратегиялық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ Францияның INSEAD институтында басқарушы персоналды оқытуға қатысты және француз мұнай институтында (IFP) басшыларға арналған MBA курсын сәтті аяқтады.
Жақып Марабаев Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын және Мәскеу мемлекеттік басқару университетін бітірген.
Әр жылдары «Қазмұнайгазда» жұмыс істеді, соңғы лауазымы — «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…