Оқиға

Қазақстандық әнші FlyArystan әуе компаниясының бортсерігін ұрып жіберген

Қазақстандық әнші FlyArystan әуе компаниясының бортсерігіне қол көтерген. Бұл туралы әуе компаниясы өзінің Telegram арнасында мәлімдеді. Оқиға 18 желтоқсан күні болған.

Әншінің аты-жөні жарияланбаған. Белгілі болғандай, ол сыртқы киімінің үстіңгі жәшіктерде мыжылып қалғанына наразылығын білдірген, содан кейін стюардесса әншінің сырт киімін алып, қол жүгінің үстіне қоюға тырысып жатқанда жолаушы өзінің күртешесін тартып алған және стюардессаның маңдайынан ұрған.

Қызметкеріміз физикалық және психо-эмоционалды зардап шекті, ал рейс бір сағатқа кешіктірілді,

делінген хабарламада.

Жолаушы полицияға тапсырылып, оған «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу» бабы бойынша айып тағылды. Сондай-ақ жолаушыны жауапкершілікке тарту үшін стюардесса сот-медициналық сараптамадан өткен.

Әуе компания өз қызметкеріне барынша психологиялық, медициналық және құқықтық қолдау көрсетуге тырысып жатқанын, сондай-ақ аталмыш жолаушыны қара тізімге енгізу үшін жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago