Categories: Саясат

Қазақстанды өртеп жүрген кім?

Жер жерде өрт өршіді. Ел жанашырлары түрлі болжамдар жасай бастады. Алдымен Қостанайдағы орман өрті, кейін Көк-Төбе етегіндегі өрт. Бұл қасақана жасалған әрекеттің көрінісі. Қылмыстық немқұрайлылық пен қаржыландыру мәселесінің соңы осындай сұмдық оқиғаларға ұласқаны ма?

Алматы қаласы Көк-Төбе етегіндегі бүгінгі өрт— кешегі, Қостанайдың Аманқарағай аумағында болған өрт оқиғасынан выгода извлекать етпек топтың— «Тоқаевқа қарсы жасалған диверсия..» версиясын—қаңтарда қайрат көрсеткен Алматылықтарға «жұтқызу» емес пе?

деп жазды Тортуыл Шоқан.

Алматылық өрт қоюшы

Әлеуметтік желіде Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы тараған еді. Видеоны көрген алматылықтар өртті әлдебіреулер қасақана қойғанын жазды. Полицейлер Бостандық ауданындағы 54 жастағы ер адамды ұстады. Ол мас күйде болып, консервілерді жылытқысы келгенін айтты. Бірақ өрт бұталарға өтіп кеткенде, қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалыпты.

Бір күн бұрын Көк-Төбе саябағы маңынан өрт шықты.  Отпен 100 адам мен 8 техника күресті. Кешке қарай оттың жеке тұрғын үй секторына көшу қаупі жойылды. Дәл сол күні, 6 қыркүйекте Медеу ауданының тұрғындары дабыл қақты. Кеңсай-1 ықшамауданында өлі шөп өртеніп, от тұрғын үйлерге жақындапты. Өрт сөндірушілер жедел әркет етіп, отты ауыздықтай алды. Қазір Алматыда күн өте ыстық. Бұл ретте халықтың немқұрайлы әрекеті көрініс тапты.

Еліміздің 10 облысында жоғары дайындық жарияланды.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі,

делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында орман өртеніп, салдары табиғи апатқа әкелді. 6 қыркүйекте Қатонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылынан сегіз шақырым жерде 40 гектар құрғақ шөптер мен бұталар отқа оралған еді. Өртті сөндіруге 60-тан аса адам мен бес техника жұмылдырылды.

Қостанай үшін шайқас

Өткен аптада елдің назарын аударған оқиғаның бірі – Қостанай облысындағы жағдай. 3 қыркүйек күні түтін салдарынан «Қостанай – Әулиекөл – Сурган» республикалық трассасы жабылды. Келесі тәулікте өрт аумағы 43 мың гектарға дейін ұлғайды (106 мың гектар орман қорының). Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Аманқарағай ауылындағы мұнай базасы жарылып кетуі мүмкін деп тұжырымдады. ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, «Қазақстан Темір Жолы» құрылымдары, өңір әкімдігі және басқа да көптеген ұйымдары отпен күресті.

4 қыркүйекте 86 жастағы ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Мүгедек азамат эвакуация кезінде өз еркімен бас тартыпты.

Өрт салдарынан 2000-нан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Озерное ауылының маңындағы 8 тұрғын үй, бір әкімшілік ғимарат зардап шекті. Лесное, Аманқарағай ауылдарында 98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар қирады.

Апаттан ең қатты зардап шекен Аманқарағай кенті. Күлге айналған ауылдың тұрғындарына бүкіл ел көмек көрсете бастады. «Күшіміз бірлікте» осы күндердің нағыз ұранына айналды.

Қазір осы оқиға бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 2 – бөлімінің 204-бабы (ауыр зардаптарға әкеп соққан және аса ірі залал келтірген отты абайсыз пайдалану), Қылмыстық кодекстің 1-бөлімінің 341-бөлігі (ормандарды жою), Қылмыстық кодекстің 3-бөлімінің 292-бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды,

деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

5 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Әулиекөл ауылының эвакуациялық пунктінде апаттан аман қалған адамдармен кездесті.  Өрттен зардап шеккен аумақты аралады.

Өкінішке орай, үлкен өрт болды. Дегенмен, көмек көрсетіледі. Үйлерінен айырылған  азаматтарға үкімет 2 айдың ішінде жаңа баспана салып береді. Қам жемеңіздер!

деп жұбатты Президент.

Президент еріктілердің ерлігін де ұмытпады. Олардың қайсарлығына алғысын білдірді.

Әрине, бұл ретте адамдардың немқұрайлылығы жоқ емес. Дегенмен бір ғана жер емес, бірнеше аймақтың бір уақытта өртке оранғаны кездейсоқтық па? Әлде қасақана әрекет пе?

Өйткені, көз алдыңда жаңа-ғана басталған өртті—аумағы көбейіп кеткенше өшірмеу, 3,5 млн Алматылықтың бәрі көріп үлгерсін.. деген іс болмаса, басқа не енді?!

Алматының іргесіне от қойған диверсант ойы мүмкін, бүкіл Алматыны өртеу?!

Бұл Тоқаевқа қарсы жасалған іс болса—Назарбаевтар тірлігі-ау, ә?

Демек, сайлауды тез өткізіп—амандығымыз үшін Тоқаевты президент етіп сайлап алу керек шығар тезірек?

деп аяқтады Тортуыл Шоқан.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago