Қазақстандықтар 2022 жылы 4 трлн теңгеге ипотекалық несие алды

Бір жыл ішінде ипотекалық несиелер көлемі бірден 46%-ке өсіп, сектордағы мерзімі өткен несиелер үлесі портфельдің 1%-тен азына дейін төмендеді.

Биыл тамыз айына дейін Қазақстан экономикасына берілген несие көлемі 20,36 трлн теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 27,1%-ке артық. Несие нарығының негізгі драйвері — ипотека. Азаматтардың тұрғын үй салуға және сатып алуға берген несиелерінің көлемі бір жылда 46,3%-ке, бірден 4,16 трлн теңгеге өсті. Бұл экономикаға берілген несиелер портфелінің 20,4%-іне тең.

Айта кетерлігі, ипотекалық сегменттегі мерзімі өткен несиелер көлемі небәрі 36 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 26,4%-ке аз. Ипотекалық несие портфеліндегі мерзімі өткен кредит бір жыл бұрын 1,7% еді, биыл 0,9%-ке төмендеді.

Ипотеканың мұндай көрсеткіштерінде, яғни портфельдің өсуі мен оның сапасын қатар жақсарту кезінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі (ТҚЖЖ) бойынша жұмыс істейтін «Отбасы банкі» маңызды роль атқарады. Биыл шілде айының қорытындысы бойынша азаматтардың тұрғын үй салуға және сатып алуға берген несиелерінің жалпы көлеміндегі екінші деңгейлі банктер үлесі 61,8% болды. Былтыр 57,8% еді, 5 жыл бұрын 34,4% болған.

Сонымен бірге, «Отбасы банкі» портфелі сапасы бүкіл банк секторындағы ең жақсы көрсеткіш болып отыр. Биыл 1 тамызға дейінгі ақпарат бойынша, банк портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдері бар несиелер (NPL 90+) үлесі 0,07% қана болды. Салыстыру үшін: жалпы сектор бойынша көрсеткіш 3,84%, яғни 55 есе көп.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago