Қоғам

Қазақстандықтарға Ресей азаматтығын алу жеңілдетілді

18 желтоқсан күні Владимир Путин Беларусь, Қазақстан және Молдова азаматтарын Ресей азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Аталған құқықтық акт қазақстандықтардың Ресей төлқұжатын алуын жеңілдетеді.

Ресми ресейлік құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланған жарлыққа сәйкес, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары Ресей азаматтығын келесі талаптарды орындамай-ақ ала алады:

  • тұруға рұқсат берілген күннен бастап Ресей Федерациясында тұрақты тұру;
  • Ресей тарихын және Ресей заңнамасының негіздерін білу.

Дегенмен, қазақстандықтар әлі де орыс тілін меңгергенін дәлелдеу керек болады. Ресей төлқұжатын алу үшін Қазақстан азаматтары тиісті өтінішті, тұруға рұқсатты, ұлттық төлқұжатты және орыс тілін білуін растайтын құжатты көрсетуі қажет.

Дәл осындай талаптар Молдова азаматтарына да қатысты. Беларусь азаматтары үшін орыс тілін білуін растау талабы қосымша алынып тасталды.

«Коммерсант» 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 876 қазақстандық Ресей азаматтығын алғанын хабарлайды. Жалпы қаңтардан қазанға дейін Ресей азаматтығын алған шетелдіктер саны 46%-ға азайған.

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған.

2023 жылдың басында Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасында қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдету мәселесі талқыланды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

18 минут ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

43 минуты ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

51 минута ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

60 минут ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

24 часа ago