Categories: Саясат

Қазақстандықтарға Шенген визасын алу қиындай түсе ме — министр жауап берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу күрделене түсетінін мәлімдеді. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның Шенген визасын алу бойынша арнайы тізімге енгені туралы ақпарат тараған еді. Айбек Смадияровтың сөзінше, мұндай тізім туралы Еуропа тарапынан ресми хабарлама келіп түспеген. 

«Дегенмен жұмыс негізінде 1 наурыздан бастап Қазақстанның шенген визасын беру кезінде қосымша кеңес талап етілетін азаматтар тізіміне қосылатынын мәлімдеді», – деді министрлік өкілі. 

Айбек Смадияров Шенген келісімінде ешқандай «қара» немесе «қызыл» тізімнің жоқ екенін айтады. 

«Әңгіме жұмыс процесі туралы. Мұндай шара Шенген келісіміндегі мемлекеттердің бірінің сұранысы бойынша қабылданған. Себебі Еуроодақ ережесіне сәйкес Еуроодақ пен шенген аумағының мемлекеттері виза алуға өтініш білдірген үшінші елдер үшін қосымша кеңес ұйымдастыра алады», – деп түсіндірді ол.

СІМ өкілі мұндай кеңестің 7 күнге дейін уақытты алуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago