Categories: Экономика

Қазақстандықтарға тұрғын үй алу қиындайды

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі жылжымайтын мүлік нарығына да айтарлықтай әсер етеді. Құрылыс компаниялары қарапайым халық сияқты екінші деңгейлі банктерден несие алады. Бұл тұрғыда инфляция да маңызды рөл атқарып жатыр. Мәселен, құрылыс материалдары мен жұмыс күші қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, сол себепті жылжымайтын мүлік бағасы да біртіндеп көтеріледі.

Жаңадан салынған баспаналар қалай қымбаттаса, қайталама нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы да солай өспек. Алайда бұрынғыдай тез мөлшерде емес, айына 1,5-2 пайыз көтеріліп, жылына 10-15 пайызға дейін жетеді.

Қазақстандықтар емделу немесе үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін әлі де ала алады. Бірақ 2021 жылы осы мақсаттарға БЖЗҚ-дан шамамен 2 триллион 460 миллиард теңге шығарылған болса, өткен жылы бұл сома 3,5 есе аз – 710 миллиард теңге болған.

Сонымен қатар, егер бірінші тоқсанда БЖЗҚ 569 мыңнан сәл асатын өтінішті орындаса, келесі 9 айда 46 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинақтарын алып тастаған.

Сарапшылар ескі бағдарламаны қайтарған дұрыс деп ойлайды. Сонда бұрынғы шекті межеден халық та, экономика да ұтады. Осы қаражат есебінен нарық жанданып, «Отбасы банкі» салымшыларды көбірек алып, құрылыс компанияларына осы салымшылар арқылы көбірек инвестиция құйылады да біршама жұмыс орындары ашылар еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago