Жыл басынан бері алаяқтар қазақстандықтарға 14 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген. Биыл қаңтарда «Алаяқтық» бабы бойынша 3,6 мың құқықбұзушылық тіркелген, бұл былтырғыдан бірден 43,8 пайызға көп, — деп хабарлайды Ranking.kz.
Биыл барлық жағдайдың жартысына жуығы (45 пайызы) интернет-алаяқтық болды: 1,6 мың құқықбұзушылық. Сондай-ақ, төлем карточкаларын пайдалана отырып, алаяқтық жасау саласында 21 қылмыстық құқық бұзушылық, несие саласында 12 құқықбұзушылық және қарызға ақша алу арқылы бір алаяқтық дерегі тіркелген.
Биыл қаңтарда барлығы 13,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 27 пайызы «Алаяқтық» бабы бойынша.
Өңірлер арасында алаяқтық деректерінің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 755 жағдай – былтырғыдан 86,9 пайызға артық. Антилидер үштігіне Астана (668 жағдай, плюс 82,5 пайыз) және Атырау облысы (204 жағдай, плюс 75,9 пайыз) кіреді.
«Алаяқтық» бабы бойынша ең аз құқық бұзушылық Ұлытау облысында тіркелген: 40 жағдай. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (65 жағдай) және Түркістан (73 жағдай) облыстары тұр.
Көбінесе қылмысты жұмыссыздар жасаған: 462 адам. Сондай-ақ, алаяқтардың арасында 16 жұмысшы, 12 мемлекеттік қызметкер, 4 жеке кәсіпкер, 4 студент және 2 әскери қызметкер болған.
Биыл «Алаяқтық» бабы бойынша келтірілген шығынның белгіленген мөлшері 59,9 миллиард теңге болған. Оның ішінде мемлекетке 46,2 миллиард теңге, жеке тұлғаларға 13,7 миллирад теңге, заңды тұлғаларға 35,1 миллион теңге залал келтірілген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…