Қазақстандықтар қандай несиені жиі алады?

Қазақстандықтардың алған тұтынушылық несиелерінің жалпы көлемі Ұлттық Банктің деректері бойынша 13,4 трлн теңгеге жетті, деп жазды informburo.kz.

Бөліп төлеу

Қазір ел арасында бөліп төлеуге болатын тұтынушылық несиелер өте танымал болуда. 2022 жылдың 3-тоқсанында кепілзатсыз тұтынушылық несиелерге деген сұраныс 10%-ға өсті. Ал өтінімдердің жалпы саны 12 млн дананы құрап, тарихи рекордтық көрсеткішті жаңартты. Бұған халықтың тұтынушылық шығындарының артуы себеп болды.

Осы ретте өтінімдердің саны артқанымен мақұлдау деңгейі 38% деңгейінде қалып отыр. Яғни, банктер келіп түскен 10 өтінімнің тек 3-4-ін ғана мақұлдайды. Кепілзатсыз тұтынушылық несиелерге деген өтінімдердің орташа сомасы да 17%-ға артып, 669 мың теңгені құрады (Қазақстан бойынша орташа жалақыдан 2,2 есе жоғары). Бұл жалпы инфляцияның шекті деңгейіне сәйкес келеді.     

Ипотека

Соңғы 2 жылда сұраныстың артуы салдарынан ипотекалық несиелер портфелі 2 есеге артты. Алайда банктер тарапынан мақұлдау деңгейі керісінше төмендеп жатыр. 2022 жылы орташа мақұлдау деңгейі 43%-ды құрады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа мақұлдау деңгейі 76% болған еді. Тұрғын үй бағасы озық түрде өсіп, ал халықтың нақты табыстарының өсімі төмен болып тұрған шақта өтінімдерді мақұлдау деңгейі төмендеуде.

Автокөлік сатып алуға несиелер

Үшінші тоқсанда автокөлік сатып алуға арналған несиелерге деген сұраныс арта түсті. Дегенмен банктер тарапынан мақұлдау деңгейі төмен екендігін байқаймыз. 2022 жылы орташа мақұлдау деңгейі 11%-ды құрады.

Жыл басынан бергі өсім 2,6 трлн теңгені немесе 25%-ға өскен. Ал өткен жылғы өсім 3,2 трлн теңгеге немесе 43%-ды құрады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago