Categories: Руханият

Қазақстандықтар даулы рэпердің концертіне наразы

Қазақстанның қоғам белсенділері ресейлік рэпер OG Buda-ның (Григорий Ляхов) Алматыда жоспарланған концертіне наразылық білдірді. Олардың айтуынша, рэпер шығармаларының мәтіндері балағат сөздерге, есірткі және басқа да күмәнді заттар туралы әңгімеге толы. Белсенділер бұл іс-шараны балалар үшін қауіпті деп санайды.

United Charity Projects Evolution қоғамдық қорының басшысы Георгий Сосновский осы мәселеге қатысты бірінші болып дабыл қақты. Ол өзінің Facebook парақшасында Алматы билігін мұндай әртістердің концертін мұқият саралауға шақырды.

«15 жастағы балам сұрайды: «Менің сыныптастарым концертке барайын деп жатыр, бірге барсам бола ма? Көбісі билет алып қойған. 12 мамырда өтеді. Билеттер ашық түрде сатылып жатыр, сатушының сайтында жасқа байланысты ешбір шектеу жоқ. Концерт 20.00-де басталады. Осыдан туатын сұрақ: біздің қалада осындай іс-шараларды кім үйлестіреді? Кім тексереді? Заңдардың сақталуын кім қадағалайды? Себебі, мұның барлығы қадағаланбайтын әрі қауіпті үрдіске ұқсайды!», – деп жазды Георгий Сосновский.

Сондай-ақ ол OG Buda шығармашылығының қысқаша баяндамасын келтіріп, кейбір әндерінің мәтінін көрсетті.

OG Buda әндерінің бірінің мәтіні мынадай:

«Большие деньги, большие проблемы.

Пытаюсь не запустить свою карьеру.

Много н*ркоты, я сильно тупею.

На*уй спорт, опять не подкачался к лету (нет). 

Плохая сука всё равно даст мне шею.

100 месяцев на трапе, иди на*уй, белый.

Иди заработай, это OG challenge (я, я).

Поднял кэш, больше не буду бедным». 

Георгий Сосновскийдің алаңдаушылығымен білім саласының маманы, Білім және ғылым министрлігі басшысының бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова да келіседі.

«Мұндай концерттердің өтуіне тыйым салу бойынша жедел шаралар қабылдау қажет. Өскелең ұрпақтың миын улауға болмайды. Жастарға түсіністікпен қараймын, бірақ, эмоционалдық дамуы қарқынды жүріп жатқан осы бір жасөспірім шақта, психологиялық дағдарысқа ұшырайтын кезеңдерінде қандай да бір деструктивті мінез-құлық насихаты оларға үлкен қауіп төндіреді», – дейді маман.

Айтуынша, жеткіншек кезінде балалар белгілі бір топпен бірге болуды қалағандықтан, көбісі концертке баруды жөн көреді. Әрине, басым бөлігі олардың әндерінде дәріптелетін бейәдеп құлықтарды қабылдамауы мүмкін. Бірақ, барлығы бірдей емес.

«Кейбір балалар психологиялық дағдарысты бастан кешіп, жалғызсырап жүреді. Осындай шақта, бала өзі құрмет тұтатын шығармашылық тұлғаның (бұл жағдайда танымал рэпердің) дәріптеген дүниелерін басшылыққа алып, мәселен, есірткіге әуестенуі мүмкін. Сондықтан қатаң шаралар қабылдау қажет. Шығармашылығы өзіне, алайда, сахнадан балағат сөздер айтып, әдепсіз, қауіпті әрекеттерге шақырып жатса, бұған тыйым салу керек. Бұл ересектер мен биліктің жауапкершілігі», – дейді Майраш Тайкенова.

Айта кететін жайт, бұған дейін Ресейде OG Buda есірткіні, зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін сотқа берілген.

Аталған концерттің ұйымдастырылуына байланысты Алматы әкімдігінен пікір білдіруін сұрадық. Олар мәселені шешуге уәде берді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago