Галерея

Қазақстандықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысының тұрғындары ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды.

Теріскей шұғыласы атанып кеткен сұлу табиғи құбылыстың суреттерін әлеуметтік желілердегі пабликтер мен парақшалар жариялап жатыр. Мысалы CKOpetro Telegram арнасы жариялаған суреттерде Мәмлүт ауданындағы көрініс бейнеленген.

Петропавловск.news басылымының мәліметінше, аспандағы түрлі-түсті жарық аномалиясы кейбір жерде әрең байқалса, ал кейбір жерлерде өте айқын көрінген.

Бұл табиғат құбылысын солтүстікқазақстандықтардың көпшілігі тек фотосуреттерден көре алды, өйткені Қазақстан үшін Теріскей шұғыласы іс жүзінде керемет құбылыс. Басылым тілшісі бұл құбылысты Мағжан Жұмабаев ауданындағы Советское ауылында өз көзімен көргенін айтады.

Астрофизикалық зертханалардың мәліметі бойынша, 5 қарашада кешке күшті магниттік дауыл тіркелген, оның нәтижесінен туған табиғи құбылыс жердің солтүстік жарты шарының едәуір бөлігінде байқалған.

«ҚазАқпарат» басылымы Теріскей шұғыласын Қостанай облысының тұрғындары да байқағанын хабарлады. Атап айтқанда, таңғалдыратын құбылыс Лисаков, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жітіқара, Федоров және Меңдіқара аудандарында түсірілген – онда түнгі аспан қызыл-жасыл градиентке боялған.

Айта кетейік, Теріскей шұғыласы — атмосфералық оптикалық құбылыс, ғаламшардың магнитосферасының Күн желінің қуатталған бөлшектерімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын жоғарғы атмосфераларының жарқырауы (люминесценция).

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 недели ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago