Қазақстандықтар үйленуге асықпайды: неке саны 15%-ке қысқарды

Қазақстанда бір жыл ішінде тіркелген неке саны 15%-ке азайды. Мұндай зерттеуді Ranking.kz ұсынды.

2022 жылғы қаңтар мен маусым арасында елімізде 55,1 мың неке тіркелген, бұл жыл бұрынғыдан 15% аз. Қалаларда 42,6 мың неке тіркеліп, жылына 5%-ке азайды. Ал ауылдарда некеге тіркелу көрсеткіші бірден 38,1%-ке қысқарды — 12,5 мың неке тіркелген.

2022 жылғы алғашқы жартыжылдығында 9 мың ерлі-зайыпты ажырасты, бұл былтырғымен салыстырғанда 5% аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 3,1%-ке қысқарып, 7,1 мыңға жеттік. ауылдарда 1,9 мың болып, 11,8%-ке азайды.

Өңірлік тұрғыдан алсақ, жұптардың көпшілігі некесін Алматыда тіркеді: 7,1 мың – бір жыл бұрынғыдан 14,7%-ға аз.

Үздік үштікке халқы тығыз орналасқан Түркістан (6 мың, бір жылда минус 16,9%) және Алматы (5,6 мың, минус 17,1%) облыстары да кірді. Ең аз некелескендер Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: небәрі 1,5 мың, бірақ бір жылда плюс 2,6%.

Тіркелген ажырасу саны бойынша «көшбасшылар» Алматы (1,2 мың) қаласы, Алматы (1 мың) және Қарағанды ​​(937) облыстары болды. Қызылорда облысында ажырасқандар аз: небәрі 201.

Елімізде неке қию көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,89-дан 5,77-ге дейін төмендеді. Ең жоғары көрсеткіш елордада белгіленді: 1000 адамға шаққанда 7,99. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Атырау облысы да кірді.

Ажырасу көрсеткіші 1000 адамға 1-ден 0,94-ке дейін төмендеді. Өңірлік тұрғыдан алсақ, Павлодар, Қарағанды ​​және Ақмола облыстары антикөшбасшы болып отыр.

Қазақстанда сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу тәртібі автоматтандырылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Мәліметтер Әділет министрлігінің ақпарат жүйесіне автоматты түрде енгізіліп, неке қию туралы жазбаға оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.

Некені тіркеу мерзімі екі есе қысқарды — енді 2022 жылдан соң өтініш бергеннен кейін 15-ші күні некеге тұруға қол қоюға болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago