Categories: Қоғам

Қазақстандықтар Түркияға 150 тонна гуманитарлық көмек пен 32 млн теңге жинады

13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 150 тонна гуманитарлық көмек жиналып, Түркияға жіберілді. Жалпы 32 млн теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылған.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Кахраманмараш қаласына 100 қазақ үй тігіп жатыр.

Фото: Azattyq Ruhy

Алғашқы отыз үйді 14 ерікті қазақ жігіті «Kilavuzlu mesire alani» ұлттық паркіне тіге бастады. Этноауыл ретінде үйлер толық тігілген соң Қазақстан халқының атынан қамкөңіл түрік ағайынға ас беріледі. 30 қазақ үй тікелей Түркия билігінің арнайы ұшағымен жеткізілді. Қазақ халқы жинаған қаржыға әртүрлі санаттағы үйлер сатып алынды. Бүкіләлемдік этноспорт қауымдастының өтінішімен Түркия билігі шығарған арнайы ұшақ қалған үйлерді бүгін Алматыдан Ыстамбұлға жеткізеді. Ары қарай Адана қаласы арқылы көлікпен Кахрманмарашқа келеді. Олардың 23-і – 12-16 қанатты салтанатты ағаш үй болса, қалғаны – темірден жасалған.

Түркияға киіз үймен бірге жылыту пештері де жеткізіліп жатыр. Қазақ үйлер палаткадан қарағанда жылы, кең әрі көңілі мұңды, қайғылы жандар өзін баспанада тұрғандай сезіне алады.

Мемлекеттен ешқандай қаржы бөлінбеген. Жеткізу жағын тікелей Түркия жағы мойындарына алған. Қазақ халқы 20 млн теңгеден астам қаражат жинады. 17 млн 300 мың теңгеге 45 киіз үй алынған. Кейін тағы 2 млн 700 мың теңгеге тұрмыстық заттар алынды. Одан бөлек, отандық кәсіпкерлер 50 киіз үй сатып алып, әуежайдың қоймасына жеткізді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago