Categories: Қоғам

Қазақстандықтардың төлқұжатында саусақ ізі болуы мүмкін

ІІМ қазақстандықтардың құжаттарына қатысты жаңа қағидаларын әзірледі.

16 жасқа толған азаматтардың және «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Заңымен белгіленген жағдайларда он екі жастан бастап он алты жасқа дейінгі құжат иесінің негізгі деректеріне қол саусақтарының іздерін енгізу ұсынылды.

Құжат жобасы 2023 жылғы 13 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында талқылауда болады.

Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:

1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

2) туған күнін, айын, жылын және жерін;

3) жынысын;

4) қай ұлтқа жататынын — осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;

5) азаматтығын;

6) фотосуретін;

7) құжатты берген органның атауын;

8) құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;

9) құжаттар иесінің қолын;

10) жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда);

11) он алты жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Заңымен белгіленген жағдайларда он екі жастан бастап он алты жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжатталатын (он төрт жасқа толған) адамдардың тұрақты тіркелгенін растауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.

Шетелдіктің Қазақстанда тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін құжаттандырылатын адам тұрақты тіркелген жердегі уәкілетті мемлекеттік орган береді.

Жол жүру құжатын құжаттандырылатын адам есепке алынған жердегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатты алуға өтінім берілген күннен бастап он жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және ол иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етіледі.

Қазақстан азаматының паспорты, жеке куәлігі ресімделген күннен бастап жеделдетілген тәртіппен Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында — бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында — үш жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандары мен қалаларында – жеті жұмыс күніне дейін беріледі.

Қазақстан азаматтарының қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар да жеделдетілген тәртіппен ресімделген күнінен бастап үш жұмыс күніне дейін (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында) және бес жұмыс күніне дейін (облыс орталықтарында) беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago