Қазақстандықтардың жалақысы өсуі мүмкін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов елде азаматтардың жалақысы өсуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сонымен бірге ол  келесі жылы 4,4 миллион адам 4,6 триллион теңгенің әлеуметтік төлемдерін алатынын айтты.

1 қаңтардан бастап цифрлық отбасы картасы арқылы әлеуметтік қорғау қызметтері проактив форматқа көшеді. Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық штаб құрылды. Барлық мемлекеттік орган салалық тұжырымдамаларды, ведомстволық даму жоспарларын әзірлеп жатыр. Олар жылдың басында бекітіледі,

деді Смайылов.

Смайылов Мемлекет басшысына үкімет сайлауалды бағдарламаны сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізетінін айтты.

Нәтижесінде экономика тұрақты түрде өсіп, халықтың өмір сүру сапасы артады. 2023 жылы экономиканың өсу қарқыны кемінде 4 пайыз деңгейінде болжанады. Халықтың жалақысының нақты өсуі 2,3 пайыз деңгейінде күтіледі. Жұмыссыздық 4,8 пайызға дейін төмендейді,

деді премьер-министр
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago