Спорт

Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин өмір бойына жарыстардан шеттетілді

Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин матчтардың нәтижелерін ұзақ жылдар бойы бұрмалап, әділетсіздікке жол бергені үшін енді ешқашан жарыстарға қатыса алмайды. 

Жарыстардан шеттетілген спортшыға 28 миллион теңге айыппұл салынды.

Теннис адалдығы жөніндегі халықаралық агенттік осыған дейін ATP-де ең жоғары орында тұрған Тимур Хабибулинге қатысты шара қабылдады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыңдаулар бойынша тәуелсіз сарапшы Джени Сублиер қазақстандық теннисшіні кінәлі деп таныды. 2014-2019 жылдар аралығындағы 21 ойында Тимур Хабибулин матчтардың жекелеген аспектілерін ойластырып, ставкаларға ықпал еткен, матчтарда жеңу үшін ақша ұсынғаны белгілі болды.

Теннистің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын бұзғаны үшін Тимур Хабибулин 60 мың доллар (28 миллион теңге) төлеуі тиіс. Ол өмір бойына жарыстардан шеттетілді.

Бастапқыда Тимур Хабибулин өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып, тыңдаулар өткізуді талап етті. Алайда көп ұзамай кінәсін мойындап, ең болмағанда жаттықтырушы болып жұмыс істеуге рұқсат беруін сұрады. Бірақ бұл өтініші қанағаттандырылған жоқ.

Енді Тимур Хабибулинге теннис жарыстарына қатысуға, жаттықтыруға, тіпті ITIA мүшелері ұйымдастырған кез келген теннис іс-шараларына  қатысуға тыйым салынады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

19 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

19 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

19 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

19 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

21 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago