Categories: Қоғам

Қазақстандық журналист Түркияда 100 киіз үй орнатуды ұсынды

Танымал журналист Нұрбек Бекбау Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 100 киіз үй жіберуді ұсынды.

Бұл туралы журналист Facebook-парақшасында айтты. 

Түркияға 100 шақты киіз үй жіберсек? Зілзаладан үйлері қирап қалған халық ашық далада отыр. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй — шошынып отырған бұқараға психикалық қатерсіздік көңіл күй сыйлар еді,

дейді журналист.

Журналистің ұсынысын танымал қазақстандықтар да қолдаған. Оның ішінде әнші Сәкен Майғазиев та қолдау білдірді. 

Нұрбек Бекбау бауырымыз, Арман Шора тағы басқа атқамінерлермен ақылдасып игі шара қолға алынды. Түркиядағы алапат жер сілкіністен үйлер қирап, біраз кісі опат болды. Аман қалған туысқан түрік ағайындарымыз шиеттей бала-шағасымен ашық алаңдарда, суық далада жүр. Бой жылытуға, үйге кіруден қорқып отыр. Осы сәтте, Қазақ жұрты боп, жүздеген киіз үй жіберсек. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй — зілзаладан жүрегі шайлығып қалған бұқара психикасына қауіпсіздік көңіл күй береді. Ең бастысы, Ата жұрттан келген көмекті сезінер еді. Алыста болсақ та, туысқан жұртты жалғыз қалдырмайтынымызды сезінер еді,

деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Осылайша, танымал қазақстандықтар «Түркияға 100 киіз үй» науқанын бастады. Көмек қолын созамын деушілерге реквизиттер:

Карта нөмірі: 4400430196216649
kaspi банк нөмірі: +7 702 160 54 57

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago