Categories: Экономика

Қазақстанның қай өңірінде 700 мың теңгеден көп жалақы ұсынуға дайын?

2022 жылдың қыркүйек айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі — ЭЕБ) бос жұмыс орындарының саны орналастырылған түйіндемелерден көп болды. Негізінен қай мамандар ізденісте екендігі туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығында» айтып берді.

Жұмыс таба алмай жүрген азаматтар Еңбек ресурстарын дамыту орталығына жүгіне алады. Алайда онда жарияланатын бос орындар бәріне жарай бермейді.

Мысалы, тамыз айының қорытындысы бойынша, елде қаржыгерлер мен заңгерлер көп екені анықталған — түйіндемелердің саны вакансияларға қарағанда әлдеқайда аз болды.

Ал білім саласында керісінше картина қалыптасты — тамызда мұғалімдерге сұраныс өте жоғары болды, алайда орналастырылған түйіндемелер саны сұранысқа сай болмады.

Өткен ай бұл үрдісті сақтап қалды.

Қыркүйекте ЭЕБ-ға 115,6 мың вакансия мен 82,3 түйіндеме орналастырылған. Олардың ішінде білім саласына тиістісі – 24,8 мың вакансия. Кадрлар жетіспеушілігі әсіресе Қарағанды облысында (1,4 мың) және Алматыда (1,3 мың) байқалады.

Ал кәсіптік салалар бөлінісінде білім беру және тәрбие (7,5 мың), құрылыс (6,1 мың) және өндіріс (5,4 мың) салаларының мамандары арасында қатты тапшылық байқалды.

Өткен аймен салыстырғанда өңірлер бөлінісінде ізденушілер санының серпіні Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлер бойынша төмендегенін көрсетті. Ізденушілер арасында белсенділіктің ең көп төмендеуі Алматы облысында (2,7 мың түйіндеме) және Алматы қаласында (2,2 мың түйіндеме) тіркелді.

Мамандарға сұраныс артқан кәсіби салалардың ішінде әлеуметтік қызмет көрсету саласын (19% немесе 171 бос жұмыс орны), ғылым мен консалтингті (18,5% немесе 128 бос жұмыс орны) және заң ғылымын (18% немесе 96 бос жұмыс орны) атап өтуге болады.

Жалақы деңгейлері өңірлерде де, кәсіптер арасында да ерекшеленеді. Алдыңғы айдағыдай, бұл жолы да ұсынылатын еңбекақының ең көп мөлшері Атырау облысында байқалды, осы өңірде орташа жалақысы 764 мың теңге болатын 21 бос орын орналастырылды.

Аса жоғары жалақыны іздеушілер қатарында сақтандыру сарапшылары және ғылыми қызметкерлер – 2 млн теңге еңбекақыны қалап,  сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен директорлар – 1,5 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін жалақыға сұраныс білдіруде.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago