Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысында соңғы 6 жылда бюджет есебінен 9 учаскеде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді.
Оның жалпы аумағы 38 мың шаршы шақырым. Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы 3 жылда жер қойнауын зерттеу көлемін кемі 1,5 есе ұлғайтуды міндеттеді.
Сала мамандары осы талап үрдісінен шыға ала ма? Техникалық, технологиялық мүмкіндік қандай? Бұл туралы Хабар 24 арнасы жазыпты.
Қостанай өңірінің жер қойнауы пайдалы қазбаға бай. Түрлі дәрежедегі танымал және зерттелген минералды шикізаттың 35 түрі бар. Соның ішінде темір мен бокситтің негізгі қоры осы Қостанайда. Сол пайдалы қазбалардың нақты орнын, мөлшерін анықтауда геологиялық барлау жұмыстарының маңызы зор. Ол кемі 5-6 жылға созылады. Алдымен бұрғылау әдісімен әр тереңдіктен алынған жыныс үлгілері бастапқы зерттеуден өтіп құжаттандырылады.
Лаборатория Қазақстан аумағы бойынша Қарағанды, шет ел аймағында Ирландияға бірден жетікізіледі. Рудный қаласында биыл ашылған геологиялық хаб замануи құралдармен жабдықталған. Мысалы мынадай тығыз жынысты кесу аппараты Қазақстанда жалғыз. Одан қалды осы жерде болашақ кен орнының моделі жасалады.
Облыс аумағында соңғы 6 жылда тек республикалық бюджет есебінен 9 учаскеде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген. Атқарылған жұмыстардың қорытындысында пайдалы қазбалардың 12 түрі бойынша болжамды қорының есебі шығарылды. Оның негізгі бөлігі – көмір – 14 миллиард тонна, алтын – 31 килограмм, сондай-ақ молибден, мырыш, никель, вольфрам, титан, мыс және басқалары.
Осы болжам негізінде тиімді деген учаскелер анықталды. Бірақ әзірге солардың игеріліп жатқандығы шамалы. Тек сирек металл қоры бар Ақбұлақ учаскесіне мамандар қызығушылық танытып отыр. Ондағы барлау жұмыстары келер жылы аяқталады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…