Categories: Саясат

Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды.

Сергей Терещенко Forbes-тің рейтиңгіне Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің бірі ретінде енген болатын.

Терещенко Сергей Александрович РСФСР Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген.

1973 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, «инженер-механик»мамандығын алды. Сондай-ақ 1987 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Институтты бітіргеннен кейін Шымкент облысы Түлкібас ауданы Куйбышев атындағы колхозда бас инженер болып жұмысқа жіберілді, 1973 жылдан 1975 жылға дейін бас инженер қызметін атқарды.

1975 жылы Түлкібас аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

Кейін аудандық партия комитетінде басшылық қызметтер атқарды.

1991 жылғы 16 қазаннан 1994 жылғы 14 желтоқсанға дейін — Қазақстан премьер-Министрі.

1994 жылдың қазан айынан бастап — «Интеграция» халықаралық қорының Басқарма төрағасы және соңғы бенефициары.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевты қолдау мақсатында қоғамдық штабты басқарды.

1999 жылғы наурыздан 2002 жылғы қазанға дейін-өз қатарында 300 мыңнан астам адам бар «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының міндетін атқарушы.

2002 жылдың қараша айынан-Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

2004 жылғы 15 сәуірден бастап — Қазақстанның сақтандыру нарығына қатысушылар қауымдастығының президенті.

2010 наурыз айында ұлттық омарташылар одағын құрды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago