Саясат

Қазақстанның дамуын Ресейдің тілі тежеп тұр

Ел шын еркіндікті аңсайды. Шын мәнінде дербес ел болсақ дейміз.

Қазақстан өз еліндегі тіл мәселесін шешсе, бірден жұмыссыздық азайып, әлеуметтік жағдай түзеліп, экономика өсіп, қылмыстық статистика кері кетеді. Әрі деструктивті ағымдарға кету процесі баяулайды.

Қалай дейсіздер ме? Бәрі оп-оңай, деп пайымдайды журналист Камшат Тасболат.

Байқасаңыз, барлық өркениетті елдерде, тіпті, мұнай мен газдың арқасында адам сенгісіз қалалар мен ғимараттар салып жатқан араб елдерінде тіл мәселесі болмаған соң, негізінен жергілікті халық байып, бақуатты тұрып, қандай да бір шет тілін білмегені үшін теперіш көрмейді.

Ал Қазақстанда кеңес одағы құрылған заманнан әлі күнге дейін орыс тілі билікте, ірі мегаполистерде үстемдік құрып, орысша білгендер ұлттық компанияларда, мемқызметте, дипломатияда, бизнесте әбден орнықты.

Ал орысша білмеген ауыл жастары мен қалалықтарға негізінен ұстаздық, мектеп, бала-бақша жұмысынан бастап курьерлік, такси қызметі сияқты күні кешеге дейін жалақысы төмен боп келген салалар бұйырды.

Десе де, мемлекеттік тілге деген сұраныс демографияның арқасында артып, бұрын-соңды қазақтілді азаматтардың табаны тие бермеген салалар да біртіндеп қазақыланып келеді. Бұл процесті жеделдету үшін Қырғызстан сияқты арнайы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, тіл басқармаларына тексеру, айыппұл төлету сияқты функцияларды беру керек.

Жалпы, бизнестің әлеуметтік желідегі парақшаларын екі тілде, тіпті, қазақ тілінде көбірек жүргізуге міндеттеу керек. Міне, осы жерде жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Егер тілге қатысты заңи талап болса, жүздеген емес, мыңдаған ірі, шағын бизнес жүргізіп отырған кәсіпкерлер желідегі парақшаларын қазақшалауға мәжбүр болады. Бұл дегеніңіз – қазақтілді мамандарды іздейді. Яғни, университет бітіріп, дипломын қайда апарарын білмей отырған мыңдаған IT, SMM-мамандары, копирайтерлер, тикток-журналистер, тағысын тағысы жұмыспен қамтылып, салық төлеушілер көбейеді.

Қазір Қазақстанда ЕО, АҚШ-тың санкцияларынан қашқан ресейлік бизнес қатты күш алып барады. Инстаграмнан тапсырыс берейін десең, көбіне Ресейдің, анда-санда Украинаның кәсіпкерлеріне тап боласыз. Өткенде бір қызмет түрі бойынша сұлулық салонына қазақша жазсам, бірнеше күн жауап бермеді. Кейін қазақша сөйлейтін маманды тапса керек, прайс-листін қазақша жіберіп, сауалдарыма жауап берді. Кейін парақшаны ақтарып көрсем, Қазақстанда бизнес жасап, Ресей мен Еуропада шалқып өмір сүріп жүрген кәсіпкерлер екен.

Мобилизациядан қашқан екі IT маманы қазақтың алты жігітін жұмыссыз қалдырыпты.

Олардың Қазақстанның мемлекеттік тілін білмеуі жұмыс табуда проблема емес.

Бұл нонсенс қой, Францияда французша, Ресейде орысша білмесең жұмыс таба аласың ба?

Неге жергілікті азаматтар жұмыссыз қалуы керек?

Неге мемлекет алдымен өз азаматтарын қорғамайды?

Ресей, Еуропада мигранттар мемлекеттік тілден емтихан тапсырады. Бізде неге бизнесті қазақша жүргізуге міндеттемеске? Сондықтан тіл талабын қойсақ, көптеген азаматтарымызды жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайын реттеп алар едік. Тағы бір мәселе, жұмыссыздықтан туындайтын үлкен қауіп — қылмыс. Жұмыспен қамтылу ұрлық-қарлық, тонау, қарақшылық сияқты қылмыс түрлерін тыяды. Жалпы, мемлекеттік тілді дамыту — жақсылықтың нышаны, халықтың ішкі ашу-ызасы басылып, Тәуелсіздіктің шын мәнінде орныққанының белгісі болмақ. Ел осы еркіндікті аңсайды. Шын мәнінде дербес ел болсақ дейміз.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago