Саясат

Назарбаев университеті құрдымға кеткелі тұр

Назарбаев Университетінің тағдыры мен Қазақстанның кейінгі ұрпағының болашағы «пышақтың ұшында», деді ЖОО-ның бұрынғы президенті, бүгінде қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып отырған Шигео Катсу.

Өкінішке қарай, соңғы оқиғалар Назарбаев Университетіне қатты көлеңке түсірді. Көшбасшылар тобы оның болашақ құрамы, беделі мен қызмет бағыты туралы белгісіздік жағдайында.

Қаржылық міндеттемелердің қысқаруы және үкіметтің институционалдық қолдауының әлсіреуі саяси қысыммен ұштасып, қазақстандық арманның үлкен кедергілерге тап болғанын көрсетеді,-делінген intellinews-ке арналған мақаласында.

Назарбаев университетінің экс-ректорының айтуынша, ЖОО өзінің негізгі құндылықтарының мәнін сақтай отырып, осы проблемаларды шеше алатынына уақыт төреші. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Егер бұл кедергілер жоғары білім берудің осы жемісті жобасын бұзса немесе толығымен жұтып қойса, оның салдары Қазақстан мен Орталық Азиядан тыс жерлерде көрініс табады,

деп есептейді ол.

Шигео Катсудың айтуынша, Назарбаев Университеті посткеңестік кеңістіктегі инновациялық, реформаторлық институттар тізіміне қосыла алады. Олар жарқын басталды, бірақ сақтала алмады. Ақырында сәтсіздікке ұшырады.

Бақылаушылар, соның ішінде инвесторлар Кеңес Одағы кезінде болған нақты реформалар тағы да ұзақ күтуге тура келетінін түсіне бастайды.

Назарбаев Университетінің тағдыры қазір пышақтың ұшында. Қазақстандықтардың жаңа буынының болашағы зор. Олар өздері ұйымдастырған трагедияның нағыз құрбаны болады. Билік мұны мойындай ма және олар оған жауап бере ме?

мақала осындай сұрақпен аяқталады.

Маусым айында Шигео Катсу Назарбаев Университетінің президенті қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 13 жылға жуық атқарған болатын. Қазіргі уақытта ол университеттің қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Жазда ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек НУ-ны қаржыландыру тәртібі өзгеріссіз қалады деп мәлімдеді. Ал өткен аптада ол университет ерекше мәртебеден айырылмайтынын айтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago