Categories: Экономика

Қазақстанның мемлекеттік қарызы тағы өсті

2023 жылдың 1-тоқсанында еліміздің мемлекеттің борыштық міндеттемелері 4,3%-ға өсті.

Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының есебінен белгілі болды.

Есепке сүйенсек, Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы сомасы 26,4 трлн теңгеге жеткен (58,9 млрд доллар).

2022 жылдың аяғымен салыстырғанда мемлекеттік қарыз 1,1 трлн теңгеге немесе 4,3%-ға өсті. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 21,8% құрады.

2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік борыштың құрылымы келесідей:

Үкіметтің борышы – 22,7 трлн теңгені немесе мемлекеттік борыштың 86%-ы.

Ұлттық Банктің борышы – 2,6 трлн теңге немесе мемлекеттік борыштың 10%-ы.

Үкіметтің қарызына қызмет көрсету шығындары да өсті. 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша бұл шығындар 559,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 154,3 млрд теңгеге немесе 38,1%-ға артық.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

21 час ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

21 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

21 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

22 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

23 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago