Қоғам

Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамаған 4 адамға сот үкімі шықты

Петропавл қаласында Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамайтындарын ашық айтқан, өздері «Халық кеңесі» ұйымын құрып алған сепаратистік пиғылдағы төрт тұрғын сотталды.

Ел ішіне іріткі салушылардың жетекшісі 9 жылға, ал белсенді үш мүшесі 7 жылдан жаза арқалады. Бұл ұйымның қалған мүшелері сотқа куәгер ретінде қатысқан, деп хабарлады Aikyn.kz.

Біздің қолымызда мамандардардың зерттеуі, куәландыратын барлық құжаттар бар. Фактілер дәлелденді. Сарапшылардың, саясаттанушылардың кешенді сараптамасы, бұлтартпас дәлелдерін ескере отырып, сот үкім кесті,

дейді Петропавл сотының судьясы Алмас Жұмағазин.

Алауыздықты ұйымдастырушы деп танылған 48 жастағы слесарь тоғыз жылға сотталды. Ал 37, 40 және 52 жастағы үш әйелдің әрқайсысы жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу, елдің біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуға насихаттау баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Жұртшылықтың наразылығын туғызған бұл оқиға наурыз айында болған. Петропавлдың 19 тұрғыны өздерін Кеңес Одағының мұрагерлеріміз деп жариялап, «Халық кеңесі» ұйымын құрып, Қазақстан тәуелсіздігін мойындамайтынын ашық айтып, жаһанамға жар салған. Бұл әрекетін бейнетаспаға түсіріп, ғаламторға жариялаған. Көп кешікпей сепаратистік пиғылдағы олардың әрекеті тергеліп қамауға алынған болатын. Енді осы заңсыз әрекеттері үшін төрт адам жазаланды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago