Спорт

Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой боксшысы қайтыс болды

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары атой салған боксшы Есболат Нұрманов 53 жасында қайтыс болды.

Спортшының бақилық болғанын Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Суыт хабар…. атақты бокшы Есболат Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егемен елдің тұңғыш кәсіпқой боксшысы, 17 жасында бокстан КСРО құрама командасының мүшесі болған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді. Ол Арал өңірінің тумасы. Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ның гидрогеология, барлау техникасы факультетінде бір топта оқыдық. 1990 жылдардың ортасындв кеден қызметінде жұмыс істеді. Иманың саламат болсын,

деп жазды ол.

Есболат Нұрманов кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізген. Ол 1993 жылдың 27 наурызында Украинаның Мариуполь қаласында израильдік боксшыға қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Ал соңғы жекпе-жегі 1995 жылдың 9 желтоқсанында литвалық боксшымен болған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago