Қоғам

Қазақстанның танктері жолға шығады – Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.

Жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.

Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды.

Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан  оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз,

деген хабарлама таратты ҚР Қорғаныс министрлігі.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago