Құмар ойындардың кесірінен миллиондаған қаражатынан айырылған жұлдыздар кімдер?
Продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі казино дилерін соққыға шығып, артынша күзетшілермен төбелескен. 2015 жылдың қыркүйегінде болған бұл оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, кейін Қазнет алаңында кең таралды. Бастапқыда продюсер «Бұл менің күйеуім емес» деп басын алып қашқанымен, кейін жарының құмар ойынға тәуелді екенін мойындады. Динара Сәтжанға берген сұхбатында Баян күйеуі 20 жылда бірнеше пәтер, бірнеше көлік ұтылғанын айтты.
«Ол кәсіби ойыншы. Мен отбасылық өмірімнің бұл шындығын қабылдағым келмейтін. Көзіме жас келеді. Қаншама пәтер, қаншама көлік кетті… Айтқым да келмейді», — деген еді ол 2016 жылы берген сұхбатында.
«Жігіттер» квартетінің әншісі – құмар ойындар шырмауына түскен тағы бір әртіс. Бағлан казиноның кесірінен 200 мың доллар қарызға кіріп кеткенін мойындады. Осының салдарынан көптің сенімінен шығып, шығармашылықтан жырақтап қалғанын жасырмады. Алайда, дер кезінде ес жиып, құмар ойындардан емделе алған адамдардың қатарына қосылды. Осыған орай, құмар ойындарға тәуелділіктің туындауы, одан қалай шығуға болатыны жайлы «Ақ пен қара» кітабын да жазып шығарды. Мұнымен тоқтап қалмай, құмар ойындар туралы «Зеро» атты толықметражды фильм де түсірген.
«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан – құмар ойындарды қатты жақсы көрушілер қатарында. Осы бір зиянды әдеттің қалай басталғанын әнші сұхбаттарының бірінде есіне алған болатын.
«Бір рет көрген соң өзіңді тоқтата алмай қаласың, одан басқа саған ештеңе қызық емес болады. Үй, жұмыс, ата-ана, әйел, бала-шаға, бәрі назарыңнан тыс қалады. Казиноға асығып тұрасың», — дейді әнші.
Құмар ойындарға тәуелділігінің кесірінен Нұрлан Алматыда $105 000 тұратын пәтерінен, $50 000 тұратын көлігінен айырылған.
Танымал хитмейкердің де казиноға деген құмарлығы бар сияқты. Бұл туралы Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан сұхбатында айтты. Әншінің айтуынша, кепіл ретінде Қайрат Нұртасқа өз көлігін бере тұрған, себебі ол казинода ұтылып қалған.
«Мен ол ұтылғанын көріп, өз көлігімді бердім. Ол маған ертең қайтарып беретінін айтты, үстінен 200 доллар қосып беремін деді», — деп түсіндірді ол.
Әртіс сөзінде тұрып, иесіне көлігін қайтарып берген, ал үстіндегі ақшаны Динара Әлжан алудан бас тартқан.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…