Categories: Қоғам

Қазақтар Канадаға ағыла бастайды. Ауқатты елге адам күші керек

Жаңа Қазақстанның аяқ алысына көңілі толмайтын қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Өзгерістен үміт үзе бастаған олар комфортты өмір сүретін орта іздеуде. Ол үшін құрлық асуға да әзір. Ал, шалғайдағы Канада дейтін бай-бақуатты елге жұмыс күші жетіспей жатыр, деп жазады Dalainside.

Туу көрсеткіші төмендеп, адами капиталдың потенциалы сарқылу үстінде. Елде зейнеткерлердің саны күрт өскен, ал қолға күрек ұстауға жарайтын адам саны күн өткен сайын кеміп барады. Мұның алдын-алу үшін ел үкіметі үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта жыл сайын 500 мың адамды құшақ жая қабылдайтын болады.

Осылайша алдағы 3 жылда Канада халқының саны 1,5 млн адамға ұлғаяды. Көптен бері осы елге қоныс аударуды көздеп жүрген қазақтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді. Жастин Трюдо үкіметі жұмыс істеуге құлшынып тұрған мигранттарды өкпелетпеуге уәде беріп отыр.

Кореяда табыс тауып, комфорт өмірдің шет-шағасын көрген қазақтар ит арқасы қияндағы Канадаға сапар шегуге әзір. Олар осы елде ұрпақ өрбітіп, біржолата тұрақтап қалуға кет әрі емес. Тоқаевтың тұсында айтарлықтай өзгеріс боларына күмәнмен қарайтын аудитория өмірінің «жеті жылын» бекер өткергісі келмейді. Канадада 38 млн-ға жетеқабыл халық тұрады. Жер көлемі жөнінен Ресейге ғана дес беретін мемлекет үшін бұл тым мардымсыз көрсеткіш. Ел экономикасын құлдыратпау үшін Трюдо үкіметіне мигранттар ауадай қажет.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago