Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандағы Қаржыгерлер қауымдастығы президент Тоқаевтың кепілсіз кредит мөлшерлемесін 44 пайызға дейін төмендету бастамасына қарсы келіпті.
«Қарсы келді…» дегенге таңғалмаңыз. Назарбаев дәуірі келмеске кеткен. Президенттің әулие емесін Түркістандағы жиында Тоқаев та нығыздап айтқан, деп жазды DALA INSIDE арнасы.
Бірақ бұл арада «қарсылықтың» контексіне үңілу қажет:
Қазақтардың бас-басында кредит. 7,5 млн адам жалақы түсе сала, банк бөлімшесіне жүгіреді. Халықтың банктерге берешегі соңғы бір жылда 30 пайызға ұлғайып, 7,7 трлн теңгеге жетіп жығылған (долларға шаққанда 17,2 млрд).
Кредиттік бюроның дерегінше несиесін уақтылы өтей алмаған 1,5 млн адам «қара тізімге» енген. Банктер олардың соңына коллекторлар мен сот орындаушыларды салып қойған.
Пайыз мөлшерлемесін төмендетуге талпынған Тоқаевқа кімдер қарсы келді?
Бұл ретте Bloomberg-те жарық көрген даулы мақаланы талқылаған жөн.
Президенттің несие ставкісін 44 пайызға түсіру идеясы әуел бастан Қазақстандағы Қаржыгерлер қауымдастығының қарсылығына ұшыраған. Құрамында 150-ден аса ықпалды мүшесі бар лоббистік топ Тоқаевтан тиісті тапсырма алған Ұлттық банкке қысым көрсеткен.
Bloomberg-ке пікір білдірген, алайда атын атаудан қауіптенген азаматтар келесідей inside-пен бөлісіпті:
Ұлттық банк (регулятор) қаржы лоббистерінің тегеурініне төтеп бере алмады. Тоқаевтың пайыздық ставканы төмендету туралы тапсырмасы орта жолдан кейін қайтты. Президент әкімшілігінен қоңырау түсіп, бұл мәселені кейінге шегеру туралы бұйрық берілді.
Қазақстандағы Қаржыгерлер қауымдастығы дегеніне жетіп, кредит мөлшерлемесін қазіргі көрсеткіштен сәл-пәл төмен деңгейде (56 пайыз!) сақтап қалған.
Осыған қарап-ақ қазақстандық банктердің саяси жүйедегі ықпалын бағамдай беруге болады.
Регулятордың талабына бағынса отандық финтех-компаниялардың табысы төмендері түсінікті. Олардың одан өзге аргументі жоқ.
Ал банктерді түтіп жеуге дайын отырған 1,5 млн адамды қайда қоясыз?
Жаңа Қазақстан үшін бұл өте-мөте қауіпті прецендент.
Банктерді әуексітіп жаман үйреткен Назарбаев жүйесі өткен 30 жылда қаржы институттарын «құтқаруға» 18 млрд доллар бағыттаған! Бұл сіз бен біздің салығымыздың ақшасы. Банктер? Олар жақсылыққа жақсылықпен жауап қата алмады.
DALA INSIDE бұл дауға әлі нүкте қойылған жоқ деп пайымдайды.
Ескі Қазақстаннан «мұраға» қалған мың-сан мәселені шешуге уәде еткен Тоқаев кредиттік секторды сабасына түсіруі тиіс» деген көмескі үміт бар.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…