Қыркүйекте «2021 жылғы санақтың қысқаша қорытындылары» деген атаумен бірнеше кесте түріндегі ақпарат пайда болды. Бұл соңғы 10 жылда облыстар бойынша халық саны қалай өскенін, ұлттық құрамды, жыныстық-жас құрамын, дінін, тілдерді меңгеруін және Ковид туралы мәліметтерді саралауға мүмкіндік берді.
Басты нәтиже — өткен күзде біз 19.2 млн-ға жеттік және 2023 жылдың соңына қарай 20 млн-ға жетуіміз керек.
Кестеде ең көзге түсетіні — қазақтар бірнеше есеге өскен. Соңғы 10 жылда өсім 3.5 млн адамды құрады (өсім 33%) және барлығы 13.5 млн болды және үлес 70%-ға жетті. Мұндай қарқынмен 10 жылдан кейін келесі санақта 20 млн және 90% үлес болуы әбден мүмкін. Бұл қуанышты дерек екені айтпаса да, түсінікті.
Бұл сандарды Ресей Федерациясындағы санақ нәтижесімен салыстыратын болсақ, онда 10 жыл ішінде халық саны небәрі 2 миллион адамға өсті. Бұған қоса, Қазақстаннан 800,000 орыс кеткен, тіпті бұл да Ресейге көмектеспеді. Біздің халқымыз 3.2 млн-ға өсті. Яғни Ресейден бір миллионға артық.
Сондай-ақ 11 мың түрік (қырымдықтар болуы мүмкін) көшіп кеткен. Барлық басқа ұлттар өсімді көрсеткен — әзірбайжандықтар бәрінен алда — 70%. Қазақстанда қалған немістер енді кетуі екіталай сияқты, себебі олар да өсім көрсеткен — 27%. Жалпы, барлық ұлт өсіп жатыр.
Қазақстанда урбанизация қарқынды жүріп жатыр. Қала тұрғындарының саны 60%-дан асты. 40%-ы әлі ауылда болғанымен, 10 жыл ішінде 5% адам қалаға ауысқан. Санақ көрсеткендей, Алматыда ресми 2 миллион адам тұрады (әрине, ресми емес одан да көп).
Ал жалпы Қазақстанда миллионер 4 қала бар (Қарағанды бойынша әлі нақты ақпарат жоқ). Астана екі есе өсіп, Шымкентті басып озды, бірақ келесі санақта оңтүстіктегілер Астанадан озып кететін сияқты, ал екі санақтан кейін тіпті Алматыны басып озуы ғажап емес.
Санақ дін бойынша да үлкен өзгерістер орнағанын көрсетті. КСРО-дағы жаппай атеизмнен біз Құдайға деген толық сенімге жеттік. 13.3 миллион мұсылман, 3.3 миллион христиан, тағы да басқа дінді ұстанушылар, 2 миллион адам жауап беруден бас тартып, 400 мың адам ештеңеге сенбейтінін айтқан.
Ал қазақ тілін меңгерген Қазақстан халқының үлесі 80,1%-ға жетті. Деректер бойынша, санақ барысында 80,1%-ы қазақ тілін меңгергенін, 49,3%-ы оны күнделікті өмірде қолданатынын көрсеткен. Тек 19,9%-ы ғана мемлекеттік тілді білмейтінін атап өтті.
Ұлттар бөлінісінде қазақтар арасында қазақ тілін меңгергендердің пайызы басым болды, санақ барысында сұралғандардың 99,6%-ы оны меңгергенін, 63,4%-ы оны күнделікті өмірде қолданатынын айтқан.
Басқа этностар арасында өзбектер (72%), ұйғырлар (71,7%), тәжіктер (63,6%), түріктер (61%), әзірбайжандар (58,5%), татарлар (50,5%) және дүнген (50,2%) арасында мемлекеттік тілді меңгерудің жоғары деңгейі бар.
Поляктар (22,1%), белорустар (22,8%), украиндар (23,7%), орыстар (25,1%) және корейлер (36,5%) арасында қазақ тілін ең аз меңгергендер.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…